Өңірлік хаб базасында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Аймақтық бағдарламасының көмегімен құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы алынған қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл» атты халықаралық семинар-тренинг аяқталды.
Оқыту іс-шарасы Академия алған ТМД елдерінің қаржылық тергеу бойынша базалық оқу орны мәртебесінің шеңберінде өтті.
Тренингке Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттік және фискалдық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары қатысты.
Сабақты құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері, Академия оқытушылары, Transparency international Kazakhstan, «BlockchainKZ», ақпараттық қауіпсіздік, банк саласы, «Qiwi Қазақстан»компаниясының сарапшылары жүргізді.
Сарапшылар қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету тәжірибесімен бөлісті, қауіп-қатерлердің және киберқылмыстармен күрестің жаңа формаларымен таныстырды.
Нақты кейстердің мысалында тыңдаушылар қаржылық барлау және халықаралық ынтымақтастық бөлімшесінің қаржылық қылмыстарды ашу және заңсыз активтерді қайтару бойынша мүмкіндіктерін зерттеді.
Криптондық валютаны және «Даркнетті» Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату құралы ретінде пайдалану әдістерімен танысты.
Сондай-ақ, топтарда қылмыстық іс тергеліп, семинарда алған білімдері мен жеке тәжірибелерін пайдаланды.
Қырғыз әріптестерінің өтініші бойынша қазақстандық мамандар сотқа дейінгі өндіріске сандық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті (АРМ ЕРДР, Е-УД, Заңдылық, СИОПСО).
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.